Индонезияда дінбасылар ковид вакцинасын өндірушілерден арнайы куәлік талап етті

Индонезияның Ғұламалар кеңесі коронавирусқа қарсы вакцинаның адал (халал – ред. «Хабар 24») екендігіне көз жеткізу үшін арнайы куәлік сұрап отыр.

Елдегі ең жоғарғы діни ұйымның өкілдері жергілікті Азық-түлік және дәрі-дәрмек агенттігіне сауал жіберді. Әрі қарай олар ресми қорытындыны пәтуа шығаратын кеңес қарауына ұсынбақ. Индонезия Қытайдың «Синовак Байонтек» вакцинасының 3 миллион дозасын алдырған. Жаппай вакциналау 13 қаңтарда басталуы тиіс. Ғұламалар кеңесі 2018 жылы қызылшаға қарсы екпеге адал емес деген пәтуа шығарғанын айта кетейік. Бірақ кейбір тұрғындар қазіргі «Ковид-19» жағдайында мұндай көзқараспен келіспейтінін ашық айтып жатыр.

Мути Аритауати, Индонезияның ғұламалар кеңесі халал орталығының директоры:

- Біздің мақсатымыз алғашқы екпе жасалмай тұрып, пәтуа шығарту. Бұл өте маңызды. Себебі индонезиялықтардың көбі мұсылмандар және халал куәлігін алу парыз. Бұл тамақ пен сусынға ғана емес, сондай-ақ дәрі-дәрмекке де қатысты.

Дилианто, жергілікті тұрғын:

- Мен де мұсылманмын, бірақ төтенше жағдай кезінде вакцинаны халал емес болса да салдырамын, себебі бұл көп адам үшін игілікті болады. Қырылғанша вакцина қабылдаған жақсы.

Сондай-ақ...