Жапонияда төтенше жағдай жарияланды

Жапония коронавирустың күшеюіне байланысты Токиода және көршілес үш префектурада төтенше жағдай жариялады. Үкімет шешімі 8 қаңтарда күшіне еніп, қатаң режим 7 ақпанға дейін жалғасады. Ертеңнен бастап Сайтама, Канагава және Тиба аймақтарында мейрамханалар мен шарапханалар кешкі 8-де жабылып, көшеде себепсіз жүруге және көп адам болып жиналуға тыйым салынды. Аталған өңірлерде Жапония халқының 30 проценті тұрады.

Ёсихидэ Суга, Жапонияның премьер-министрі:

- Жаңа жыл мерекесінен кейін коронавирус шамадан тыс өршіп кетті. Бүгін бір ғана Токиода 2400 адам індетке шалдыққан. Мейрамханаларға өте қиын деп ойлаймын. Сондықтан оларға ай сайын 17 мың 300 доллардан көмек береміз. Олимпиаданы өткізе аламыз деп сенемін. Себебі әлемде екпе салына бастады. Біз Жапонияда вакциналауды ақпан айының соңында қолға аламыз. 

Жапон үкіметінің шешіміне жергілікті тұрғындардың көзқарасы әртүрлі. Бірі қолдаса, екіншісі қарсылық танытып жатыр.

Казуки Йамашиге, мемлекеттік қызметші:

- Толық қолдаймын. Төтенше жағдай жарияламасақ, адамдар топырлап сыртқа шыға береді. Шектеу шаралы тиімді болады деп сенемін. Бірақ 7 ақпаннан кейін де ұзаратын сияқты.

Хироаки Тойама, кәсіпкер:

- Төтенше жағдай жариялаудың еш қажеті жоқ еді. Онсыз да ешкім сыртқа шығып жатқан жоқ. Адамдар тағы жынданатын болды. Енді өзіне қол жұмсайтындар көбейеді. Сұмдық болады.

Сондай-ақ...