Ливанда үшінші локдаун жарияланды

Ливанда эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты жергілікті билік аймақта үшінші мәрте жалпыұлттық локдаун жариялап отыр.

Шектеу жаралары 25 күнге созылмақ. Жаңа ережеге сай елдегі көптеген кәсіпорындар, мектептер мен университеттер жабық болады. Тұрғындарға үйлерінен азық-түлік дүкені мен дәріханадан басқа жерге себепсіз шығуға болмайды.

Айта кетейік, Ливанда өткен тәулікте 4 мың 700-ден астам адам қауіпті инфекция жұқтырған. Дәрігерлер соңғы кездері денсаулық сақтау саласына салмақ түскенін айтып отыр. Мамандар тұрғындарды санитарлық нормаларға немқұрайлы қарамауға шақырып отыр.