Австралияның көлемі жағынан үшінші орында тұрған Брисбен қаласы карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шаһарда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған бірнеше науқас анықталған. Жаңа тәртіпке сай Брисбенның 2 млн-ға жуық тұрғыны 3 күн бойы себепсіз сыртқа шыға алмайды. Сонымен қатар аймақтағы қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де кеңселердің жұмыс уақыты шектелетін болады. Ал премьер-министр Скот Моррисонның хабарлауынша, енді Австралияға келген кез келген саяхатшылардың қолында вирусқа қарсы тапсырылған тесттің теріс нәтижесі болу керек.