Германияда коронавирустан көз жұмғандар саны күрт өсті

Германияда бір тәулікте коронавирустан 1188 адам қайтыс болды, деп хабарлады Роберт Кох институты.

Ал бір тәулікте 31 849 адам инфекцияны жұқтырған. Пандемия басталғаннан бері Германияда 1 866 887 коронавирус жұқтыру дерегі анықталды, ал 38 795 науқас қайтыс болды.

Айта кетсек, Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң карантиндік шаралар күшіне енді.