Қытайда зауыттағы жарылыстан бір адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды

Қытайдың Хунань провинциясындағы Нинсян қаласында зауытта жарылыс болды.

Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости қала үкіметіне сілтеме жасап.

Жарылыс 7 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 18:12-де аккумуляторларды өңдеумен, сондай-ақ аккумуляторлық материалдар шығарумен айналысатын Hunan Brunp Recycling Technology компаниясы зауытының цехында болған.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ...