Ресейде қар көшкіні жүрді

Ресейдің Норильскідегі шаңғы курортында қар көшкіні жүрді. Қонақ қабылдайтын 5 үйді қар басып қалып, тұрғындарға қауіп төндірді.

Үйлердің бірінде 4 адам тұрып жатқан көрінеді. Екеуі бала деп хабарлады Ресей төтенше жағдайлар комитеті. Қар көшкінінің көлемі жайында әзірге дерек жоқ. Оқиға орнына дереу Сібір аймағының іздеу-құтқару отрядының мамандары келіп жеткен. Елу құтқарушы мен төрт техника жұмысқа кірісті.