Испанияға қар жауды

Испанияда қар түсіп, Мадридке қатынайтын жол жабылды. Көлік кептелісі пайда болды. 

Көптеген елді мекендерде жол жабылды. Жүздеген жүргізушілер қар құрсауында қалды. Тіпті кейбір жерлерде шойын жол қатынасы үзіліп, жолаушыларды әбігерге салды. Әсіресе Мадрид пен Аликанте арасындағы қатынас қиындады. Валенсияға бару да мұң болды. Халықаралық әуежай қызметі де тоқтап тұр. Күн райы дұрысталғанша ұшақтарды қабылдай алмайды. Бейсенбіден бері Испания табиғаттың тосын мінезіне тәнтті болып отыр. Қалың қар мен қатты аяз салдарынан дабыл қағылып, төтенше жағдайларға жауапты сала қызметкерлеріне қосымша жүктеме әкелді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай 2009 жылдан бері байқалмаған. Олар қыстың қытымыр мінезін елемейтін секілді. Қар атысып ойнап, мерекеге қарық болды.

Көптеген испандықтар қыстың осындай белең алғаны дұрыс деп топшылайды. Және мүмкіндікті мүлт жібермей, суық күнде серуендеуге асықты.

Сондай-ақ...