419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вакцинаны бай елдер көптеп алып жатыр – ДСҰ

  • 111
  • UPD: 09:56, 09.01.2021
Вакцинаны бай елдер көптеп алып жатыр – ДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус коронавируске қарсы вакцинаны негізінен ауқатты елдер көптеп сатып алып жатқанын мәлімдеді.

Ал кедей мемлекеттер мұндай шаруаға қаржы жағынан қысылып отырған көрінеді. Егер қазір жаңа препараттарды 42 ел сатып алды десек, соның 36-сы табысты мемлкеттер. Бұл жерде жан басына шыққанда түсетін пайданың мөлшері негізге алынып отыр. Алтауы орта деңгейдегі елдер. Ал тұрмысы төмендерге әзірге күте тұруға тура келеді. Кезі келгенде болмаса, дәл қазір олардың вакцина сатып алуға шамасы жоқ. Гебрейесус егер елдер вакцина салатындай дәрежеге жетпесе вирусты ауыздықтау мүмкін емес екенін алға тартып, оларды да қатарға қосып алудың жолын іздеуге кеңес беріпті.

Хабар 24 телеарнасы