Норильскіде қар көшкінінен кейін ана мен баланың мәйіті табылды

Ресей. Норильскідегі шаңғы курортында қар көшкіні жүрді. Қонақ қабылдайтын 5 үйді басып қалып, тұрғындарға қауіп төндірді.

Үйлердің бірінде 4 адам тұрып жатқан көрінеді. Олардың екеуі бала. Бұл туралы Ресей төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Оқиға орнына дереу Сібір аймағының іздестіру-құтқару отрядының мамандары келіп жеткен. Елу құтқарушы мен төрт техника жұмысқа кірісті. Артынша әйел адамның қайтыс болғаны туралы хабарланды. Кейінірек баланың мәйіті табылғаны жайында да ақпарат шықты. Бұған дейін он бес жастағы жасөспірім қар құрсауынан құтқарылып, үсік шалғаны анықталып, ауруханаға жеткізілген болатын. Енді отағасын іздеп жатыр. Әзірге ол жайында қандай да болсын хабар  жоқ.

Сондай-ақ...