Мексикада ауруханалар науқасқа толды

Мексикада осымен үшінші күн қатарынан коронавирус жұқтыру деректерінің тәуліктік рекорды тіркеліп жатыр.

Соңғы 24 сағатта елде 14 мың 362 адам қауіпті инфекцияға шалдыққан. Өлім-жітім деректері де аз емес. Бір тәулікте мыңнан астам кісі қайтыс болған. Індеттен ең көп Мехико қаласы зардап шегіп отыр. Науқастардың көптігі сонша, ел астанасындағы ауруханаларда бос орын жоқтың қасы. Өкпені жасанды желдету аппараттары да жетіспей жатқан көрінеді.

Луис Алмониа, Мексиканың бас эпидемиологы:

- Соңғы 14 күнде вирус жұқтырғандар саны 88 мыңға жетеді. Бұл індет басталғалы бері Мексикада тіркелген деректердің 5 проценті.

Сондай-ақ...