Грекияда ковид кесірінен жоғары кластарға сабақ болмайды

Грекиядағы ауруханалар науқастарға лық толды. Жансақтау бөліміне түсіп жатқандар да көп.

Осыған байланысты ел билігі карантиндік шектеулерді қаңтардың 18-іне дейін ұзартты. Оған сәйкес, бөлшек сауда дүкендері мен қызмет көрсету мекемелері жабылады. Ал жоғары сынып оқушылары үшін сабақ өтпейді.