Норильскіде апаттан қаза тапқандар саны артты

Ресейдің Норильскідегі шаңғы курортында қар көшкінінен үш адам қайтыс болды. Қалың қар келушілерге арналған бес үйді басып қалған.

Соның бірінде төрт адам тұрыпты. Ерлі-зайыптылар екі баласымен мекен еткен. Ресей төтенше жағдайлар комитеті оқиға орнына дереу Сібір аймағының іздеу-құтқару отрядының мамандары келіп жеткенін мәлімдеді. Елу құтқарушы мен төрт техника жұмысқа істеді. Артынша әйел адамның қайтыс болғаны туралы хабарланды. Кейінірек бір баланың мәйіті табылғаны жайында да ақпар шықты. Оған дейін он бес жастағы жасөспірім қар құрсауынан құтқарылып, үсік шалғаны анықталып, ауруханаға жеткізілген болатын. Енді отағасының да опат болғаны анықталды.