Индонезияда байланыс үзілген жолаушылар ұшағы теңізге құлаған

Джакарта әуежайынан көтерілісімен бірнеше минут өткен соң байланыс үзілген Индонезияның Sriwijaya Air компаниясының жолаушылар ұшағы теңізге құлаған.

Ұшақ сынықтары мен жолаушылардың дене бөліктері табылды, деп хабарлады Синьхуа жаңалықтар агенттігі.

Ұшақта 59 адам болған. Оның алтауы – бала.