Мадридте «Филомена» боранынан төрт адам көз жұмды

Мадридте «Филомена» боранынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жарты ғасырдағы ең күшті жел испан астанасында кешеден бері соғып тұр. Алып шаһар қар астында қалды. Құрбандардың екеуі үсіп өлген. Омбы қардан бір жарым мың адам шығарылды. 600-ден астам жол жабылып қалған. Кемінде 50 әуе рейсі кейінге шегерілді. Жергілікті метеорологтардың айтуынша, бір күнде түскен қардың қалыңдығы 50 сантиметрден асады. Мұндай ақ ұлпа 58 жылда жаумаған.

Кристофер, Мадрид тұрғыны:

- Ұшақпен Чилиге барайын деп едім. Бірақ Мадридтен шыға алмай қойдым. Үйіме қайтқым келеді. Қамалып отырмыз. Сыртқа қашан шығаратыны белгісіз.