Мехикода метродағы өрт кезінде 29 жұмысшы құтқарылды

Мексика астанасындағы метро станциясы орталығының бірінде өрт шығып, 1 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 30-ға жуық жұмысшы құтқарылды. Оқиға Мехиконың орталығындағы метро станциясы басқармасында болды. Өрт осы орындағы диспетчерде шығып, бір полицей әйел жалыннан құтылмақ болып ғимараттан құлап кеткен. Қалған 30-ға жуық жұмысшы иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Апатқа байланысты метродағы 6 желінің жұмысы тоқтатылды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.