421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда 18 млн тұрғынға көшеге шығуға тыйым салынды

  • 140
  • UPD: 13:54, 10.01.2021
Қытайда 18 млн тұрғынға көшеге шығуға тыйым салынды

Қытай билігі коронавирусқа байланысты 18 миллион тұрғынға көшеге шығуға тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатаң шектеу елдің шығысындағы Шицзячжуан және Синтай қалаларында енгізілген. Карантин бір аптаға дейін жалғасады. Шицзячжуан қаласындағы тұтас бір аудандағы эпидемиологиялық ахуал өте қауіпті деп танылды. Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, вакцина салдыру барлық тұрғын үшін тегін болады.

Ма Южун, Шицзячжуан қаласы мэрінің орынбасары:

– Шицзячжуан қаласындағы медициналық мекемелер мен орталықтар нуклеин қышқылымен тесті алуға жұмылдырылды. Осы ауқымды істі жүргізуге қабілетті 107 мекеме бар. Жалғыз түтікпен күніне 380 мың сынақ үлгісін алуға болады. Біздің тест қабылдау мүмкіндігіміз күшейді. Бір күнгі норманы 3,8 миллионға жеткіземіз деп отырмыз. Сондықтан тестілеу шарасын қысқа мерзімде аяқтаймыз. Адамдарды көп күттірмейміз.

Айта кетейік, аталған қалада қоғамдық көлік те тоқтатылды. Сондай-ақ теміржол вокзалдарында бақылау күшейтілген. Жолаушылар алған билеттерін қайта өткізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы