Кубаның коронавирусқа қарсы вакцинасы Иранда сынақтан өтеді

Куба өзінің коронавирусқа қарсы вакцинасының бірін Иранда да сынақтан өткізу туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі жергілікті мамандар вакцинаны індет көп таралған өзге елдерде де сынақтан өткізу қажет деп шешкен. Ал Иран өткен айда өзінің бірінші екпесін адамдарға сынауға кіріскен. Бірақ Тегеран жақында «Файзер» мен «Байонтек» компаниясынан алуға тиісті 150 мың доза вакцинадан бас тартты.

Висенте Верез, ғалым:

– Бұл ынтымақтастық екі жаққа да тиімді. Тараптар өз халқын індеттен қорғау үшін барлық шараларды қолға алған. Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі ел үшін де стратегиялық маңызы зор.

Сондай-ақ...