Марсель қаласында коменданттық сағат уақыты ұзартылды

Францияның Марсель қаласында коменданттық сағат қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған шаһарда Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген түрінің тіркелуі себеп. Жаңа штамм 21 тұрғыннан анықталған. Айта кетейік, Францияда вирусты жұқтырғандар қарасы 2 миллион 800 мыңға жуықтаған. Ал дерттен 68 мыңға жуық науқас қайтыс болды.