423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін Қырғызстан азаматтары да өз таңдауларын жасап жатыр

  • 148
  • UPD: 18:01, 10.01.2021
Бүгін Қырғызстан азаматтары да өз таңдауларын жасап жатыр

Бүгін Қырғызстан азаматтары да өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елде кезектен тыс президенттік сайлау мен мемлекеттік басқару жүйесі туралы референдум өтіп жатыр. Қазірге дейін 100 мыңға жуық адам өз даусын беріп үлгерді. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 3 процентін құрайды. Қолда бар ақпарға қарағанда бірнеше сайлау учаскесінде дауыс беру жәшіктері болмай қалған. Мұндай 11 оқиға тіркелді. Осымен қатар электрондық дауыс беру жәшіктері де дұрыс жұмыс істемей жатқаны жайлы шағымдар түскен. Орталық сайлау комиссиясы мәселені жуық арада шешуге уәде берді. Айта кетейік, жергілікті заңға сай егер президенттік сайлауда үміткерлердің бірі сайлашылардың 50 проценттен астам дауысын жинаса, додада жеңіске жетті деп саналады. Егер бұл меже еңсерілмесе, сайлаудың екінші туры өтеді. Ал рефрендумға келетін болсақ, сайлаушылардың 30 проценті қатысса, шара өтті деп саналады.

Максат Мамытканов, Қырғызстан үкіметі төрағасының орынбасары:

– Қазір кез келген сайлаушы қоңырау шалу орталығына хабарласып, электр энергиясы, интернет жоқтығын немесе сайлау комиссиясы мүшелері мен бақылаушылардың санитарлық талаптарды сақтамай жатқанын және өзге де заңбұзушылықтарды айта алады.

Хабар 24 телеарнасы