Қырғызстандағы президенттік сайлауда Садыр Жапаров жеңіске жетті

Қырғызстандағы кезектен тыс президенттік сайлауда 52 жастағы Садыр Жапаров жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Орталық сайлау комиссиясының жариялаған алдын ала қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың 79 проценттен астам дауысын жинаған. Ал екінші орынға шыққан Адахан Мадумаров сайлаушылардың 6,7 процент дауысына ғана ие болған. Қалған кандидаттар 3 проценттен аса алмады. Ал референдумда халықтың басым бөлігі елдегі саяси жүйесінің өзгеруін қолдап дауыс берген. Ресми дерекке қарағанда, сайлаушылардың 81 проценті президенттік басқаруға көшуді қолдаған.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда кеше кезектен тыс президенттік сайлаумен бірге елдің басқару жүйесін өзгерту туралы референдум өткен болатын.