Үндістанда құс тұмауының өршуі жергілікті жұртты дүрліктірді

Өйткені аталған ауру бүгінге дейін 7 штаттың аумағында тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ел үкіметі хабарлады. Осыған байланысты жуырда Нью-Дели билігі қалаға құстарды әкелуге тыйым салды. Себебі соңғы 4 күнде қалада 200-ге жуық қанатты қырылып қалған. Айта кетейік, дертке байланысты ел ішінде құс етіне деген сұраныс күрт азайып кеткен.

Мұхаммед Мұстафа, құс фабрикасының иесі:

– Таңертеңгі сауда үш есеге азайып кетті. Тұрғындар құс тұмауы жайлы білгелі бері құс етін әдеттегіден екі есе аз алатын болды. Яғни бұрын 2-3 келіден сатып алса, қазір жарты килограммға қанағат етеді.