Нигерияда жол апатынан 20 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-шығысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 20 адам қаза тапты.

Апат салдарынан екі адам жарақат алды.

Оқиға жексенбі күні сағат 15:00 шамасында Тирвун аймағында болған. Апат кезінде автобуста 18 жолаушы, жеңіл көлікте төрт адам болған.

«22 жолаушының 20-сы адам танымастай болып күйіп кетті, екі әйел апаттан аман қалды. Олар қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жөнелтілді», - дейді жергілікті полиция өкілі Ахмед Вакиль.