Жапонияда қалың қар жауып, сегіз адам мерт болды

Жапон теңізінің жағалауын басқан қалың қардан сегіз адам қаза тауып, 277 адам жараланды.

Төтенше оқиғалардың көпшілігі шатырлар мен ағаштардан қалың қардың түсуінен, сондай-ақ қар тазарту кезіндегі оқиғалардан болған, деп хабарлады ТАСС.

Жапонияда өткен аптаның ортасынан бастап ауа райы қолайсыз болып тұр. Бұған дейін жергілікті әуекомпаниялары 500-ден астам рейсті тоқтатқан болатын.