Қырғызстанның жаңа президенті: Маған артқан үмітті ақтау үшін бар күшімді саламын

Қырғызстандағы кезектен тыс президенттік сайлауда 52 жастағы Садыр Жапаров жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Орталық сайлау комиссиясының жариялаған қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың 80 проценттен астам дауысын жинаған. Екінші орынға шыққан Адахан Мадумаров сайлаушылардың 6 проценттен астам дауысына ие болған. Қалған кандидаттар 3 проценттен аса алмады. Ал референдумда халықтың басым бөлігі елдегі саяси жүйесінің өзгеруін қолдап дауыс берді. Ресми дерекке қарағанда, сайлаушылардың 81 проценті президенттік басқаруға көшуді қолдаған.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда кеше кезектен тыс президенттік сайлаумен бірге елдің басқару жүйесін өзгерту туралы референдум өтті.

Садыр Жапаров, Қырғыз республикасының жаңадан сайланған президенті:

– Құрметтті халқым, сіздердің маған сенім артып, қолдау көреткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздердің дауыстарыңыз маған күш берді. Сенімімді нығайтты. Мен сіздер артқан үмітті ақтау үшін бар күшімді саламын.