Дәрігерлер дабыл қағуда: Бразилиядағы атақты Ипанема жағажайы адамдарға лық толы

Коронавирус пандемиясына қарамастан Бразилияның Рио-де-Жанейросындағы әйгілі Ипанема жағажайы адамдарға лық толы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер демалушылардың санитарлық талаптарды мүлдем сақтамайтынын айтып дабыл қағып отыр. Нәтижесінде елде бұл вирустан қаза тапқандардың саны күн өткен сайын артып барады. Статистика бойынша соңғы аптада мыңнан астам адам ковидтің құрбаны болған. Ал соңғы бір тәулікте 29 мың тұрғын індет жұқтырған. Жалпы пандемия басталғалы Бразилияның 8 млн тұрғыны коронавирусқа шалдыққан екен.

БЛИЦ:

– Шынымды айтсам, бразилиялықтар – ұзақ уақыт үйде отыра алмайтын халық. Бізге қауіпсіздік шараларының бәрін бұлжытпай орындау қиындау.

– Жай ғана жағажайда серуендеп қайтқым келіп еді. Қарап тұрсам, маскамен жүрген жалғыз мен ғана сияқтымын.

Сондай-ақ...