Ауғанстанда әуе шабуылынан бір отбасының 18 мүшесі қаза тапты

Ауғанстанның Нимроз провинциясында жексенбіге қараған түні әуе шабуылынан кем дегенде 18 адам қаза тапты.

Бұл туралы TOLOnews провинциялық кеңестің басшысы Мохаммед Насырға сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Муназари ауылында бір отбасының 18 мүшесі – сегіз бала, жеті әйел және үш ер адам қаза болды.