Коронавирус ЕО елдерінде өршіді

Жер жаһанды жайлаған коронавирус індеті Еуропа елдерінде өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Германияда жарияланған шектеу шараларына қарамастан аурудың таралуы әлі де дес бермей тұр. Аймақта тіркелген жаңа науқастардың саны күн өткен сайын артып барады. Елде пандемия басталғалы 41 мыңнан астам адам вирсутан көз жұмды.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

– Эпидемияны бақылауға аламыз деген үміттемін. Емін-еркін жүруіміз үшін талаптарға бағынуымыз керек. Аурудың екінші толқыны кезінде босаңсымағанымыз жөн. Алдағы бірнеше апта ең қиын кезең болуы мүмкін.

Швециядағы эпидемиологиялық ахуал да мәз емес. Корольдік 1 млн адамға шаққандағы кісі өлімі көрсеткіші бойынша алғашқы 10 елдің тізімінде. Осыған байланысты жергілікті билік өңірдегі шектеу шараларын қатаңдата бастады. Тиісті құжат өткен аптада парламентте мақұлданды. 

Францияда коменданттық сағат енгізілген департаменттердің саны 25-ке жетті. Үкімет үшінші локдаунның алдын алу үшін барынша тырысып бағуда. Қазір әсіресе Марсельдегі ахуал күрделі. Жуырда шаһарда коронавирустың жаңа штамы анықталды.

Сондай-ақ...