421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда қалың қардан көліктер жолда қалып жатыр

  • 149
  • UPD: 15:21, 11.01.2021
Жапонияда қалың қардан көліктер жолда қалып жатыр

Жапонияның солтүстігінде соңғы бірнеше күнде жапалақтап жауған қардан көлік қатынасы тұралап, халық әуреге түсіп жатыр.

Тас жолдарда көліктер қарға батып, жүре алмай жатыр. Фукуи префектурасында 120 көлік тұрып қалса, Тояма аймағындағы тас жолдың бірінде 80 көлік қалып қойған. Темір жолдарды қар басып, бірқатар өңірде пойыздар жүрісі уақытша тоқтатылған. Жапалақтап жауған қардың биіктігі 1 метрден асады. Көп жерлерде коммуналдық қызметтер жолдарды ашып, үлгермей жатыр. Ауа райын болжаушылар Жапон теңізіне жақын кей аймақтарда қар әлі де жауатынын ескертіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы