420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Албанияда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

  • 121
  • UPD: 16:06, 11.01.2021
Албанияда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Албания билігі 11 қаңтарда COVID-19-ға қарсы вакцинация басталғанын хабарлады.

Бұл туралы Албания премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді, деп жазды Exit News.

Рама бұған дейін вакцинаны бірінші болып дәрігерлер алатынын мәлімдеген. Тиран қаласындағы Эйр Албания спорт стадионы вакцинация орталығы болады.

Сонымен қатар Албания үкіметі Pfizer және BioNTech компанияларынан 500 мың доза COVID-19 вакцинасын алғаны туралы хабарланған.

Хабар 24 телеарнасы