Индонезияда Қытай вакцинасын қолдануға рұқсат берілді

Индонезияда Қытайдың Sinovac Biotech вакцинасын коронавирусқа қарсы шұғыл қолдануға рұқсат берілді.

Бұл туралы осы елдің Азық-түлік және дәрі-дәрмек агенттігінің басшысы арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Препарат үшінші рет өткізілген сынақ кезінде тиімділігін 65,3% жағдайда дәлелдей алған. Азиялық мемлекет Sinovac вакцинасының 34 миллион дозасын өткен жылдың аяғында алдырған болатын. Индонезияда вакциналау 13 қаңтарда басталмақ. Ел президенті Джоко Видодо екпені алғашқылардың бірі болып салдыратынын айтқан.

Пенни Кусумастути Лукито, Индонезияның азық-түлік және дәрі-дәрмек агенттігінің басшысы:

- Бұл вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тиімділікті 50% жағдайда дәлелдеуі тиіс деген талаптарына жауап береді. Қазір біз індетке қарсы күресте 3 нәрсені шарт қылып отырмыз. Олар – бетперде кию, әлеуметтік арақашықтық сақтау және қолды жиі жуу. Вакцина осы ісімізді жеңілдетеді деп үміттенеміз.

Айта кетейік, Сербия үкіметі қытай вакцинасын экспорттауға лицензия алды. Еуропалық елге осы айдың соңына дейін екпенің 2 миллион дозасы жеткізілмек. Жергілікті үкімет барлық тұрғындар вакцина салдыруды мамыр-маусым айына дейін аяқтаймыз деп үміттеніп отыр. Егер осы мақсат орындалса, онда Сербия вакциналауды аяқтаған алғашқы еуропалық мемлекет атанбақ. Бұл сәтке дейін 9300-ден астам адам егілген.

Сондай-ақ...