Малайзияда коронавируске қарсы шектеулер күшейтіледі

Малайзия коронавируске қарсы шектеулерді күшейтеді. Жаңа шаралар қаңтардың 13-інде енгізіліп, 26-сына дейін жалғаспақ.

Ел астанасы Куала-Лумпурда, әкімшілік орталық Путраджайяда және 5 штат аумағында барлық көңіл көтеру орындары мен кейбір дүкендер жабылып, жүріс-тұрысқа шектеу қойылады. Мұндай қатаң шараларға барудың өзіндік себебі бар.

Жергілікті сарапшылардың болжауынша, көктемге қарай күн сайын індет жұқтырушылар саны 5 мыңға жетуі мүмкін.

Мухиддин Яссин, Малайзияның премьер-министрі:

- Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің күші күніне 2 мың науқасқа қарауға ғана жетеді. Сондықтан үкімет сақтық шараларын қазірден бастауға шешім қабылдады.