Қытай шахтасында жарылыс болып, 22 кенші үйінді астында қалды

Қытайдың шығысында алтын шахтасында жарылыс болып, салдарынан 22 кенші жер астында қалып қойды.

Қайғылы оқиға Шаньдун провинциясында болған, деп хабарлады Global Times.

Жергілікті биліктің айтуынша, шахтадағы жұмысшылармен байланыс орнату әлі мүмкін болмай отыр.