ДДСҰ қанша елде COVID-вакцинациясы басталғанын айтты

Әлемнің 40-тан астам елінде бес түрлі вакцинаны қолдана отырып, халықты коронавирусқа қарсы егу науқаны басталды.

Мұндай мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының көмекшісі Брюс Эйлвард мәлімдеді.

Оның айтуынша, COVID-19-қа қарсы вакциналар орташа жоғары табысы бар елдердің азаматтары үшін қолжетімді болды.