Мексикада мейрамхана иелері ереуілге шықты

Мексикада мейрамхана иелері биліктің қатаң шектеу шараларына қарсылығын білдіріп ереуілге шықты.

Қолдарына ыдыс-аяқ ұстап шыққан жұрт Президент Резиденциясының ғимараты алдында жиналған. Наразылар карантиннің салдарынан көп ұзамай дөңгелетіп отырған ісін мүлдем жауып тастауға тура келеді деп шағымдануда.

Естеріңізге салайық, жуырда Мексика билігі аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жарияланған шектеу шараларының мерзімін тағы ұзартқан болатын. Айта кетейік, соңғы кездері елде коронаиврус індетін жұқтырған науқастардың қатары қайта артып барады. Салдарынан ауруханаларда орын тапшылығы пайда болды. 

Мирея Гарсия, мейрамхана қызметкері:

- Мейрамханалардың толық ашылуын талап етіп тұрған жоқпыз. Тек келушілердің 30 процентіне қызмет көрсеткек болар еді. Барлық санитарлық талаптарды сақтайтын боламыз. Бұл біз үшін өте маңызды.