Палестина ресейлік вакцинаны мақұлдады

Палестина коронавирусқа қарсы қолдану үшін ресейлік «Спутник-Ви» вакцинасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы екпені шетелде таратуға жауапты Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының мәлімдеуінше, аталған препараттың алғашқы легі ақпан айында, ал барлық партиясы биылғы жылдың сәуіріне дейін жеткізілмек. Әзірге доза көлемі нақты айтылған жоқ. Сондай-ақ экспорт құны да белгісіз. Бірақ «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, «Спутник-Видің» бір дозасы кемінде 20 долларға сатылуы мүмкін.

Мұхаммед Штайе, Палестина премьер-министрі:

– Вакцинаны жеткізу үшін 4 компаниямен келісімге қол қойдық. Екпені бірінші кезекте медицина қызметкерлері, қариялар, науқастар қабылдайды. Біз Батыс жағалаудағы, Газа және Құдыстағы тұрғындардың 70 процентіне вакцина саламыз.

Люси Әл-Касрауи, Вифлеем қаласының тұрғыны:

– Егер палестиналық дәрігерлер бұл вакцина халықтың денсаулығына еш қауіп төндірмейді десе, неге қабылдамасқа?!

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, соңғы күндері коронавирустан 12 адам қайтыс болып, 928 тұрғын жұқтырған. Дәл қазір 95 науқас ауыр халде жатыр. Жалпы індет басталғалы бері Палестинада құрбандар саны 1600-ден, ал індетке шалдыққандар қатары 160 мыңнан асқан. Науқастардың 8 мыңы – дәрігерлер.

Сондай-ақ...