420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде көпқабатты үйдегі өрттен 8 адам ажал құшты

  • 105
  • UPD: 22:22, 12.01.2021
Ресейде көпқабатты үйдегі өрттен 8 адам ажал құшты

Ресейдің Екатеринбург қаласында 9 қабатты үйден өрт шығып, 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайтыс болғандар арасында бір бала бар. От екінші қабатта тұтанған. Куәгерлердің айтуынша, көк түтін таралып, тұрғындар пәтерлерінен шыға алмай қалған. Төтенше жағдай қызметі 90 адамды құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді.

Марина Канатова, Свердлов облысы прокурорының аға көмекшісі:

– Осы фактіге сәйкес, «Абайсызда кісі өліміне әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ісін прокуратура өз бақылауына алды.

Хабар 24 телеарнасы