Литва парламенті онлайн жұмысқа көшті

Литва парламенті жұмыстың онлайн түріне көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан былай Сеймдегі сессиялар виртуалды форматта өтеді. Заң шығару органындағы дауыс беру ұялы телефонмен код жіберу арқылы іске асуда. Мұндай шара елдегі коронавирус індетін шектеу үшін қабылданған. Соңғы аптада 141 депутаттың төртеуі COVID-19 жұқтырған. Біреуі қазір ауруханада жатыр.

Виктория Чмилите-Нильсен, Литва парламентінің спикері:

- Литвада коронавирус жағдайы соңғы айларда қатты ушығып кетті. Сондықтан қашықтан жұмыс істеуге көштік. Біздің ісіміз тоқтаусыз іске асырылуы керек. Сеймнің алғашқы отырысын онлайн өткізгенімізге қуаныштымын. Көктемде қалыпты өмірге оралып, мектептер, университеттер де ашылады деп сенемін.