Америкалық автоөндіруші Ford компаниясы биыл Бразилиядағы 3 зауытын жабады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан ондағы 5 мыңға жуық қызметкер жұмыссыз қалмақ. Бұған қарамастан, Ford өз көліктерін Бразилия мен Оңтүстік Американың өзге де елдерінің нарығында саудалауды тоқтатпайды. Жаңалықты естіген компанияның жүздеген қызметкері Сан-Паулу қаласында ереуілге шықты. Жиналған жұрт зауыттардың жабылуынан мыңдаған отбасы нәпақасынан айырылып ғана қоймай, бұл шешімнің ел экономикасына да кері әсерін тигізетінін алға тартты. Өндіріс орынның басшысы болса компанияның акциялары 3%-ке өскенін ескертіп, қайта құрылымдау шарасы қажет болғанын айтады.