Дональд Трампқа импичмент жариялануы мүмкін

АҚШ Өкілдер палатасы бүгін президент Дональд Трампқа қарсы импичмент процесін талқылауды бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демократтар Ақ үй басшысын азаматтарды көтеріліске итермелеп, билікті бейбіт беруге кедергі келтірді деп айыптап жатыр. Трамп болса: «Төменгі палатаның мұндай шешімі мемлекетке қауіп төндіреді» дейді. Ақ үй басшысына сенімсіздік жариялау үшін Өкілдер палатасына аз басымдық жеткілікті. Бірақ мәселе содан кейін республикалықтар көпшлік дауысқа ие Сенатта қаралуы тиіс. Ал АҚШ конституциясының 25-ші түзетуіне сәйкес, вице-президент Майк Пенс Трампты лауазымынан босатып, оның міндетін уақытша атқара алады.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Импичментке байланысты айтатын болсам, мен ешқандай зорлық-зомбылықты қаламаймын. Бірақ бұл менің ашуыма тиді. Дегенмен, бұның соңы шиеленіске ұласпауы тиіс.

Еске сала кетейік, 6 қаңтар күні Конгресс қараша айында өткен президенттік сайлаудың қорытындысын жариялау үшін бас қосқан еді. Алайда Конгресс алдына жиналған Трамп жақтаушылары Капитолийге лап қойып, ғимаратқа басып кірген еді. Полициямен қақтығыс кезінде 5 адам көз жұмды. Демократтар «шерушілердің Конгресске шабуыл жасауына Трамп себепкер» деп айыптап, оған тез арада импичмент жариялауды ұсынды.

Сондай-ақ...