Гондурас жағалауында кемеден 25 келі есірткі тәркіленді

Гондурастың тәртіп сақшылары Атлант мұхитында сапарға шыққан кемеден салмағы 25 келі кокаин тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есірткі оралған қаптамада танымал колумбиялық есірткі бароны Пабло Эскобардың бейнесі суреттелген. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кеме бортында болғандардың барлығы ізін суытып үлгерген. Оларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, жалпы Орталық Америка мен Мексика елдері АҚШқа есірткі тасымалдайтын негізгі бекеттердің бірі болып саналады.