419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

  • 128
  • UPD: 14:40, 14.01.2021
Германияда коронавирустың жаңа штамы анықталды Deutsche Welle

Желтоқсанның ортасында Оңтүстік Африка Республикасында тіркелген коронавирустың жаңа штамы Германияда да анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, вирус Баден-Вюртембергтегі бір отбасы мүшелерінен табылған. Науқастар желтоқсанның 13-і күні Оңтүстік Африка Республикасынан келіп, карантинде отырған екен. Келгеннен кейін 5 күн өтісімен коронавирусты анықтайтын тест тапсырғанымен, нәтижесі теріс болып шықты. Тағы бірнеше күн өткесін ғана аурудың белгілері пайда бола бастады.

Қазір мутацияға ұшыраған бұл вирусты 6 адам жұқтырған. Ал жергілікті билік болса елдегі карантинді тағы екі айға ұзартуды көздеп отыр. Германия канцлері Ангела Меркельдің айтуынша, шектеу шараларының мерзімі ұзартылмаса, Пасха мерекесіне қарай аймақтағы науқастардың саны 10 есеге артуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы