Нидерландта карантин тағы үш аптаға созылды

Нидерландта індеттің таралуын тоқтату үшін билік карантинді тағы 3 аптаға созды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңажылдық мерекеден кейін ауруханаға түскен науқастар саны артып жатыр. Сондықтан үкімет желтоқсанның 15-інде енгізілген шктеулерді ұзартпақ. Осыған сәйкес Нидерландта азық-түлік дүкенінен басқа сауда орындарының бәрі жабылған болатын. Мейрамхана, мұражай, сұлулық салондары мен фитнес залдардың да жұмыстары тоқтатылған. Жоғарғы оқу орындары мен мектептер қашықтан оқуға көшті.

Айта кетейік, Нидерландта вирусты жұқтырғандар саны 900 мыңға жуықтаған.

Мартин, жергілікті тұрғын:

- Егер адамдар дертке қарсы сақтық шараларын орындап, шектеулерді сақтаса, қазіргідей жағдай болмас па еді. Сондықтан шектеулердің алынуы өзімізге байланысты деп ойлаймын.