Испания билігі табиғи апаттан келген шығын көлемін 20 млн еуроға бағалап отыр

Испанияда ауа райы күрт суып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей жерлерде сынап бағанасы минус 9-13 градусқа дейін түсіп кеткен. Табиғаттың тосын мінезі әсіресе, ел астанасының тұрғындарын әбігерге салды. Бұндай суық температураға үйренбеген жұрт құбырлардағы судың қатып қалғанын айтып, дабыл қағуда. Аймақта аяздан басқа ақ ұлпа қар да көптеп түскен. Мамандардың айтуынша, бұндай жағдай соңғы 50 жылда алғаш рет болып отыр. Кей өңірлерде жауған қардың қалыңдығы жарты метрден асады. Жергілікті билік табиғат апаттан келген шығын көлемі шамамен 20 млн еуроға бағалап отыр.

Амайа Хуэрта, Мадрид қаласының тұрғыны:

- Күн күрт суытып кетті. Компьютерім болмағандықтан, жұмысқа баруыма тура келді. Үйде де суық, оның үстіне су жоқ. Әбден қиналып қалдық.