Албанияда толассыз жауыннан елдің солтүстік бөлігіндегі көп ауданды су басты

Албанияда өткен демалыс күндері толассыз жауған жаңбырдан елдің солтүстік бөлігіндегі көп ауданды су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзендер арнасынан тасып, бірқатар үй мен ғимарат су астында қалған. Тасқын су бірқатар көпірді шайып кетіп, егістік алқаптар бүлінген. Табиғат апатының салдарымен күреске әскерилер де тартылған. Ондаған адам тез арада қауіпсіз жерге көшірілген. Тұрғындар тасқыннын орасан зор шығынға батқанын айтады.

Луке Гджерджи, жергілікті тұрғын:

- Соңғы 2-3 жылдағы еңбегімнің бәрі зая кетті. Үйімді су басып, не істерімді білмей, далмын. Егістік алқабым бар еді, ол да 1 метрдей су астында қалды.