ШЫҰ хатшылығында ұлттық деректер орталықтарын құру жоспары таныстырылды

Үлкен деректер, оларды сақтау, өңдеу және пайдалану. Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығында ұлттық деректер орталықтарын құру жоспары таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба авторларының айтуынша, әр елдің түрлі салада үлкен деректері бар, алайда бүгінгі күні бұл мәліметті тиімді өңдеу және пайдалану жүйесі қалыптаспаған. Жаңа технологиялар деректерді сапалы қолдануға мүмкіндік беріп, бұл қызметтің құнын төмендетеді.

«Сонымен қатар елдің жалпы ішкі өнімін 1,5%-ке арттырады», - дейді мамандар. Мысалы, Қытайда инфрақұрылымды есептеу платформасын қолдану арқылы бірқатар қаланың табысы 600 млрд юаньға, яғни 90 млрд долларға артқан.

Чжэн Чжицзюнь, компания басқармасының төрағасы:

- Жеке бір мемлекетте үлкен деректі өңдеп, оны қалай пайдалануға болады? Бүкіл әлемде бұл мәселе шешімін әлі тапқан жоқ. Деректерді өңдеумен айналыстаны компания көп. Бірақ олар әдетте өз деректерін қолданады. Ал біз түрлі елдердің үкіметтеріне мемлекеттік деңгейде үлкен дерек орталықтарын құруға көмектесеміз. Осыдан кейін ел азаматтары оны пайдалана алуы үшін бар мәліметті бірыңғай қорға жүктейміз. Осылайша, деректерді қолдану ашық әрі әділ болады.