Қытайда да эпидемиологиялық ахуал нашарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Халықты жаппай тестілеуден өткізіп, індеттің жаңа толқынын болдырмау үшін жасалған шараларға қарамастан, елдегі тәуліктік көрсеткіш күрт өсіп кеткен. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы келтірген дерекке сәйкес, 115 адамнан коронавирус табылған. Бұл 30 шілдеден бері болмаған ең жоғары көрсеткіш.