419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 жұқтырған Армения президенті ауруханаға түсті

  • 95
  • UPD: 15:23, 13.01.2021
COVID-19 жұқтырған Армения президенті ауруханаға түсті

Коронавирус жұқтырған Армения президенті Армен Саркисян екіжақты пневмониямен ауруханаға түсті, деп хабарлады РИА Новости президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қаңтарда сол кезде Лондонда жүрген Саркисянның коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар оның әйелі де инфекцияны жұқтырған. Армения басшысының баспасөз қызметі Саркисянның денсаулығы тұрақталған кезде дәрігерлердің рұқсатымен еліне оралатынын айтты.

«Коронавирус жұқтырып, үйде емделіп жатқан Саркисян ауруханаға ауыстырылды. Ауру ауыр өтіп жатыр, жоғары дене қызуы мен екіжақты пневмония бар», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы