Мексикаға саяхатшылар ағылды

Коронавирус пандемиясына қарамастан Мексиканың курортты жерлері туристерге лық толы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймаққа Рождество мерекесі кезінде 961 мың саяхатшы келген. Бұл былтырмен салыстырғанда 25%-ке ғана аз. Мамандар бұл демалыстардан кейін аймақта коронавирус жұқтырғандар қатары күрт өсуі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Айта кетейік, Мексикада ішкі жалпы өнімнің 87%-і туризм саласының еншісінде. Пандемия басталғалы бұл салада 90 мыңға жуық жұмыс орны қысқарды. Егер бұрын елге туристер әлемнің түкпір-түкпірінен ағылса, бүгінде Мексикаға саяхаттайтындардың көбі АҚШ азаматтары. Бұған өзге, елдермен әуе қатынасының шектелуі себеп.