АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандардың рекордтық саны тіркелді
- 115
- UPD: 17:12, 13.01.2021

АҚШ-та бір тәулікте коронавирус салдарынан қайтыс болған науқастардың саны екінші рет төрт мыңнан асты.
Нақтырақ айтқанда 4 327 науқас көз жұмған, деп хабарлады Джон Хопкинс университеті.
Бұған дейін 8 қаңтарда АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандардың тәуліктік саны 4085-ті құраған болатын.
Университеттің мәліметі бойынша, соңғы 24 сағат ішінде дәрігерлер АҚШ-та 215 805 коронавирус жағдайын тіркеген.